Жаһан

Анджелина Джоли 21 жыл бұрын асырап алған баланың бүгінгі келбеті қандай?

greenwhite.su

Мэддокс Кореяның Йонсей университетінде білім алып жатыр.

Әйгілі Голливуд актрисасы Анджелина Джоли алғаш рет 2001 жылы патронаттық ана атанды. Ол кезде актриса Билли Боб Торнтонның жұбайы болатын. Екеуі 2 баланың ата-анасы еді, деп хабарлады Turkystan.kz greenwhite.su сайтына сілтеме жасап.

Анджелина Джоли қайырымдылықпен айналысып жүріп, Камбоджаға келеді. Сонда ол 7 айлық Рат Вибол деген баламен танысып, оны бауырына басады.

Билли Боб Торнтон мен Анджелина Джоли 7 айлық баланы асырап алды. Кейін ерлі-зайыптылар ажырасып, Анджелина Джоли Рат Виболдың жалғыз қамқоршысы болып қалды. Көп ұзамай, актриса балаға әке болу жауапкершілігін мойнына алған актер Брэд Питке тұрмысқа шықты. Кейін Рат Виболдың есімі мен тегі Мэддокс Джоли Пит болып өзгерді.

Қазір Мэддокс 21 жаста. Ол гитарада ойнайды, үш тілде еркін сөйлейді және ерекше стильде киінеді. Мэддокс киноны көргенді жақсы көреді және анасының жанында жиі болуға тырысады.

 

Брэд Пит пен Анджелина Джоли ажырасқанда Мэддокс анасымен қалды.

Мэддокс Кореяның Йонсей университетінде биоинженерия факультетінде білім алады. Ел арасында Анджелина Джоли өзіне тиесілі мүліктің басым бөлігін Мэддокске мұра ретінде қалдырады деген бейресми ақпарат бар.