3 жыл бойы іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды
Ол қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық жасады деп айыпталуда.
Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдікті Қазақстан азаматы ұсталды.
«Ол қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық жасады деп айыпталуда, келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астам құрады. Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші өтуде», - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.