Қоғам

Бетперде киген жігіт жалғызбасты ананың несиесін жабуға көмектесіп, көлік сыйлады

Фото: видеодан кадр

Жалғызбасты ананың 2 баласы бар.

Бетперде киген жігіт жалғызбасты ананың несиесін жабуға көмектесіп, көлік сыйлады, деп хабарлады turkystan.kz.

Динара есімді жалғызбасты ананың 2 баласы бар. Кіші ұлы сал ауруына шалдыққан. Әйел екі жұмыс істеп, балаларын емдетіп жүр.

«Таңертең баламды емдеуге апарамын, түстен кейін еден жуушы болып істеймін. Ал кешке жалға алға көлікпен такси жүргізушісі болып істеймін, таңғы 5-6-ға дейін. Көлікке күніне 7 мың төлеймін. Өзімде зоб бар, қан қысымым жоғары. Балам жатты, басын көтере алмады, аунаған да жоқ. Апармаған жерім жоқ, өзім де массаж істеймін. Сөйтіп тұрғызған балам Құдайға шүкір, қазір өзі дәретке барады, тамағын ішеді», - дейді әйел.