Спорт

Қазақстан спортшылары ушудан әлем чемпионатына 4 медаль жеңіп алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Санда түрінен ұлттық құрама спортшылары 4 медаль жеңіп алды.

АҚШ-тың Даллас қаласында (Техас штаты) ушудан 16-шы әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады  turkystan.kz.

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, санда түрінен ұлттық құрама спортшылары 4 медаль жеңіп алды.

Ерлер арасында +90 кг салмақта финалға шыққан Нұрсұлтан Тұрсынқұлов аса тартысты өткен жекпе-жекте қытайлық спортшыдан жеңіліп қалды.

Ал Бексұлтан Коскенов (65 кг), Ислам Каримов (56 кг) және әйелдер арасында Ақниет Марат (75 кг) жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, қола жүлдегер атанды.

Биылғы әлем чемпионатына 80-нен астам мемлекеттен 800-ге жуық спортшы жиналды. Қазақстан 4 жүлдемен жалпы есепте АҚШ-пен бірге 16-сатыға тұрақтады. Далласта жүлде алған мемлекеттер саны 30-дан асады.