Жаңалықтар

Түнгі клубтағы екі адамның өлімі: Ақтөбеде 16 адамға сот үкімі шықты

Естеріңізге сала кетсек, қос кісі өлтіру өткен жылдың қазан айында «Миллиардер» түнгі клубында болды.

Ақтөбеде түнгі клубтағы қос кісі өліміне қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін Ақтөбеде сот «Миллиардер» түнгі клубында екі кісіні өлтіру ісі бойынша үкім шығарды.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, сотта 16 адам айыпталды: клубты жалға алушы, қалғандары күзетшілер мен олардың таныстары. Сот оларды 2 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырды.

Түнгі клубты жалға алушы қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетсек, қос кісі өлтіру өткен жылдың қазан айында «Миллиардер» түнгі клубында болды. Төрт ер адам Ақтөбеге Темір ауданынан армрестлингтен жарысқа қатысу үшін келген. Кейінірек олар түнгі клубқа барған, мұнда олар мекеме күзетшілерімен сөзге келіп, арты пышақтасуға ұласқан.

Салдарынан мемлекеттік айыптаудың мәліметінше, клубқа келген екі азаматты күзетшілер мен олардың таныстары ұрып өлтірген. Қалған екі келушіні олар қаланың шетіне апарып тастау үшін көліктің жүксалғышына салған. Алайда олар жүксалғыштан қашып шыққан. Ал көз жұмғандардың денелері қала сыртындағы Тропикана жағажайында ағаштардың арасынан табылды.