Лара Фабиан Фейсбуктегі парақшасында Қытайдағы «I am a singer» байқауына қатысып жатқан қазақ әншісі Димаш Құдайбергенді құттықтады. Ал әлемге танымал әншінің аталған әлеуметтік желіде дәл қазір 1 210 500-ден аса оқырманы бар. Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.
«Адажио» әлемді аралап жүр… Қытайдағы «I am a singer» ТВ-байқауында орындаған Димаш Құдайбергеновті құттықтаймыз» деп жазды Лара Фабиан.
Димаш Құдайберген Фабиан орындайтын «Адажио» әнін «I am a singer-дің» алтыншы кезеңінде айтып, бірінші орын алған еді. Ол шығарманың соңғы жағына келгенде тізерлеп отыра кетіп, залды дүр еткізді. Көрермендер түрегеп тұрып қол соқты.