Серік Жұманғарин тағы бір қызметке тағайындалды

21 қараша, 2023 / Анель Жарылғасын
primeminister.kz
Ол Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының басқарушылар кеңесінің өкілі болды.

Ашық НҚА порталында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғаринді Қазақстан Республикасынан Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының басқарушылар кеңесінің өкілі етіп тағайындау жөнінде Президент Жарлығының жобасы жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, қазан айында өткен Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Келісім 2022 жылдың 20 қазанында Ереванда бекітілген болатын. 

Сондай-ақ, Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Сауда және интеграция министрлiгi Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясымен өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша байланыс жасайтын ресми орган ретiнде белгiленсе, сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев ЕҚСК Директорлар кеңесіндегі Қазақстанның өкілі болып тағайындалады.

Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы келесі функцияларды орындайды:

Тэгтер:

қызмет Жарлық Серік Жұманғарин