Спорт

Словения-Қазақстан кездесуінде үздік өнер көрсеткен қазақстандық ойыншы анықталды

ҚФФ

Сарапшылар Қазақстан құрамасы сапында ойнайтын екі футболшының ойынына жоғары баға берді

SofaScore сараптама сайты Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің шешуші турында өткен Словения мен Қазақстан арасындағы кездесудің ойыншыларына баға берді, деп хабарлады  Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Словения астанасы Люблянада өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Сарапшылар Қазақстан құрамасы сапында ойнайтын екі футболшының ойынына жоғары баға берді: жартылай қорғаушы Исламбек Қуат пен шабуылдаушы Максим Самородов екеуінде 7,3 ұпай берген. Максим Словения қақпасына жалғыз гол салған Рамазан Оразовқа пас берген болатын.