Ауа райының күрт бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
21 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 21 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Түнде Қызылорда облысының орталығында, батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с, күндіз өңір орталығында 23 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Мұғалжар ауданында 23-28 м/с. Ақтөбеде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батыс бөлігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.
Маңғыстау облысының батысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, өңірдің батысында, оңтүстігінде, орталығында 23-28 м/с болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түркістанда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде өңірдің солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндіз облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында түнде тұман, көктайғақ болады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кейде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Алматыда түнде және таңертең тұман болады.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-шығысан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.