Қоғам

«Бейітіне бармаймын»: Асқар Жұмаділдаев марқұм әйелі туралы айтып, көзіне жас алды

Жақындарынан айырылған сәтті профессор қалай өткергенін, күйзелісті қалай жеңе білгенін де айтып берді.

«Алғашқы» бағдарламасына қатысқан профессор Асқар Жұмаділдаев өткен өмірі жайлы сөз қозғап, өмірден өткен бұрынғы әйелі Құралай мен жастай кеткен ұлы Арман жайлы айтқанда көңілі босап, көзіне жас алды, деп хабарлады turkystan.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі сырымен бөліскен академик әйелі «Құралайға дұрыстап гүл де бере алмадым» деп өкінішін айтты.

Жақындарынан айырылған сәтті профессор қалай өткергенін, күйзелісті қалай жеңе білгенін де айтып берді.

Айта кетсек, профессордың алғашқы жары Құралай танымал ақын Тұманбай Молдағалиевтің қызы болған.