Қоғам

Астанада киім дүкеніне келген адам спорттық костюмді киіп, қашып кеткен

Фото: видеодан кадр

Бейнежазбаға қарағанда, қаскүнем жұмысшыларды үстіндегі киім өзінікі екеніне сендіруге тырысқан.

Астанада киім дүкеніне келуші спорттық костюммен қашып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Сатушылардың айтуынша, жігіт дүкенге келіп, киіну бөлмесінде спорттық костюмді киіп алған. Кетер кезде ол кассаға бармай, залдан шығып кеткен, сол кезде ұрлыққа қарсы магнит іске қосылған.

Бейнежазбаға қарағанда, қаскүнем жұмысшыларды үстіндегі киім өзінікі екеніне сендіруге тырысқан.

«Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған, қылмысқа қатысы бар қаланың 27 жастағы тұрғын анықталды. ҚР ҚК 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қала тұрғыны мойындау көрсетпелерін берді», - деп хабарлады полициядан.