Жаңалықтар

Қазақ-қырғыз шекарасындағы көлік кептелісіне қатысты түсінік берілді

inbusiness.kz

Шекара қызметі аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.

Қырғыз-қазақ шекарасында қырғыз жағынан «Ақ-тілек» (Қырғыз Республикасы) – «Қарасу» (Қазақстан Республикасы) өткізу пунктінде жүк көліктерінің кептелісі пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Шекара қызметі аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.

«Жеміс-көкөніс өнімдерін және жалпы Қазақстан арқылы жүктерді транзиттік өткізуіне байланысты маусымды кіретін жүк ағымының артуы негізгі себеп болып отыр. «Қарасу» өткізу пунктінің келіп жатқан көліктерді өткізу мүмкіндігі тәуілігіне 300 көлік құралын құрайды (19 қарашада 283 автомашина өткізілген)» - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қалыптасқан жағдайдың есебінен, Қырғыз Республикасының МҰҚК Шекара қызметімен тығыз өзара әрекеттестік ұйымдастырылды.