«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1,5 млн отбасы баспаналы болады

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1,5 млн отбасы баспаналы болады

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1,5 млн отбасы баспаналы болады
ашық дереккөзі
Алдағы 15 жылда 1 млн 500 мың отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспаналы болады. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов бүгін осындай жоспарымен бөлісті. Әсіресе, жеке тұрғын үй құрылысына басымдық берілетіні жайында айтылды. Осы мақсатта дайын инженерлік инфрақұрылымы бар жер телімдері беріледі. Бұған қоса, ипотека арқылы пәтер сатып алу кезіндегі үстемені 10%-ға дейін азайту көзделіп отыр. Қазірдің өзінде бірқатар екінші деңгейлі банктер келісім жасасып та қойған. Мархабат Жайымбетов, ҚР ИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы: — Қазір толық мүмкіншілік бар. Барлық ереже қабылданды «Нұрлы жер» бағдарламасының. 1 ақпаннан бастап бүкіл ережелер іске қосылып отыр. Қазір екінші деңгейлі банктермен жұмыс жасай беруге болады ипотека бойынша.