Жаңалықтар

Зираттарды бүлдірген оқушылардың ата-анасына айыппұл салынды

egemen.kz

Сот үкімімен балалардың ата-анасы өзіне жүктелген міндеттерді атқармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақтөбе облысында қабірді қорлаған балалардың ата-аналарына 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Halyq Uni сайтының мәліметінше, ауыл тұрғыны облыстық кәмелеттік жасқа толмаған балалар жөніндегі ауданаралық сотына шағым түсірді.

Оның айтуынша, мектеп оқушылары ауылдың шетіндегі зираттың жанынан өтіп бара жатқанда ескерткіштерді бұзып, қабірлерді қорлаған. Арыз түсірген адамның ата-анасы жатқан жердің ескерткішіне де зақым келтірілген.

«Шағым түсірген ауыл тұрғыны материалдық шығынмен қатар, моральдық өтемақы төлеуді талап етті», - делінген сот хабарламасында.

Сот үкімімен балалардың ата-анасы өзіне жүктелген міндеттерді атқармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған сәйкес, айыппұлдың көлемі 34 500 теңге болды.

Сотта балалардың ата-аналары мен арыз түсіруші медиативті келісімге келді. Вандализм үшін 572 700 мың теңге төленуі шарт. Балалардың ата-анасы осы ақшаны жылдың аяғына дейін төлеп беруі керек.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.