Елордада лифтіде әйелдің басына темір конструкция құлап кетті
Жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді
Астанада лифтіде әйелдің басына темір конструкция құлап түсті. Қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады turkystan.kz.
Sputnik Қазақстан сайтының мәліметінше, әлеуметтік желіде жарақат алған әйелдің суреті тарады. Жерде лифтінің төбесін жабатын темір конструкция жатыр. Қан аққаны да көрінеді.
Қалалық Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 306-бабы, 1-бөлігі (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.
«Жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді. Полицейлер темір плафонның құлауы бойынша барлық қажетті тергеу шараларын атқарып жатыр», - деді департамент мамандары.