Жаңалықтар

Орталық банкті өртеп, песоны долларға айырбастауға уәде берген Хавьер Милей Аргентина президенті атанды

Хавьер Милей күтпеген жерден 56%-дан астам дауыс жинап, сайлауда жеңіске жетті.

Аргентинадағы президент сайлауының екінші кезеңінде фаворит деп саналмаған оңшыл саясаткер Хавьер Милей күтпеген жерден 56%-дан астам дауыс жинап жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz bbc.com-ға сілтеме жасап. 

35 миллионнан астам сайлаушы қазіргі елдің экономика министрі және перонистер лагерінің өкілі солшыл Серхио Масса мен Дональд Трамппен үнемі салыстырылатын "Бостандық орнайды" либертариандық коалициясының жетекшісі Хавьер Милейдің арасында таңдау жасады.

Милей жеңіске жеткен жағдайда, елдегі инфляциялық ахуалды реттеу үшін песоны долларға ауыстырып, орталық банкті өртеп жіберуге уәде берген болатын.