Жаңалықтар

Павлодарда жол апатынан екі жүкті әйел зардап шекті

Голос народа

Зардап шеккен әйелдер ауруханаға жеткізілді.

Павлодарда екі жүкті әйел жөл-көлік апатына түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, 18 қарашада Қамзин мен Ломов көшелерінің қиылысында шағын автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүктіліктің 37-ші аптасындағы  37 жастағы әйел зардап шегіп, №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар, Сұрағанов пен Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысында тағы бір жол апаты тіркелді. Екі көлік соқтығысып, салдарынан жүктіліктің сегізінші аптасындағы 31 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.