Жаңалықтар

Ауыл әйелдерінің VI республикалық форумы әйел көшбасшылардың басын қосты

Форум бағдарламасында әйелдердің республиканың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өмірін дамытуға қатысуының әртүрлі аспектілеріне назар аударатын түрлі іс-шаралар ұсынылды.

Өткен аптада Астанада «Тұрақты даму басымдықтарын қалыптастырудағы ауыл әйелдерінің рөлі» атты Ауыл әйелдерінің VI форумы болып өтті. Форум тәжірибе алмасу, ауылдық аумақтарды дамытудың түрлі бағыттарының үздік өкілдерін және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі әлеуметтік жобаға қатысушыларды оқыту және марапаттау алаңына айналды.

Форум бағдарламасында әйелдердің республиканың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өмірін дамытуға қатысуының әртүрлі аспектілеріне назар аударатын түрлі іс-шаралар ұсынылды. Қатысушылар шеберлік сыныптары, презентацияларға және панельдік пікірталастарға белсенді қатысты.

Форумды ұйымдастырушылар Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы және Әлеуметтік динамика қоғамдық қоры ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Coca-Cola халықаралық қорының қолдауымен дайындық барысында 4 өңірлік форум өткізді. Өңірлің форумдар аясындар облыстардың күн тәртібіне өңірлердің мәселелерін талқылады.

Форумды ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Парламент Мәжілісінің ІV, V, VI шақырылымдарының депутаты Майра Айсина бұл форумның маңызына тоқталды.

«Қазақстан ауыл әйелдерінің форумы – республикалық деңгейде ауыл тұрғындарының дауысын ілгерілетуді көздейтін алаң. Форум 6 рет республикалық деңгейде өткізіліп, 2019 жылдан бастап өңірлерде де өткізіліп келеді. Биыл біз елдің барлық өңірлеріне барып, үлкен жұмыс жасадық.  Қазір бізді біріктіретін және мұқият назар аударуды қажет ететін мәселелерді көрсету үшін біз күш біріктіруге дайынбыз. Әрине, жалпы міндеттер көп, бұл бізді біртұтас және жақсы нәтижеге жетуге сенімді етеді», – дейді М. Айсина.

Форум әйелдер арасында, оның ішінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетеді. Форум делегаттары арасында «Coca-Cola белестері» жобасы байқауының 20 жеңімпазы салтанатты рәсімде өз ісін дамытуға 2-4 мың АҚШ доллары аралығында ақшалай сыйлық сертификаттарымен марапатталды. 

Биыл барлығы 15 мыңнан астам әйел кәсіпкерлік негіздері және қосалқы шаруашылық жүргізу бойынша тренингтерге қатысты. Олардың 581-і үздік бизнес-идея конкурсына қатысуға өтінім берді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Бұл әйелдер арасында кәсіпкерлікке деген қызығушылықтың үнемі артып келе жатқанын көрсетеді.

«Coca-Cola белестері» жобасының барлық қатысушылары арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, бағдарламада тегін оқудан өткен қатысушылардың 13 пайыздан астамы қаржыландыруды тарту мүмкіндіктерін өз бетінше іздеді, бұл 3 мыңнан астам шағын кәсіпорындардың ашылуына немесе дамуына және 7 мыңнан астам жұмыс орындарын құруға ықпал етті. Бұл – еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігін қолдау үшін осы бағдарламаның маңыздылығы мен тиімділігінің басым дәлелі.

Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі Coca-Cola компаниясының Корпоративтік байланыстар және коммуникациялар жөніндегі менеджері Александра Аккирман «Coca-Cola белестері» жобасының маңызы зор екенін атап өтті.

«11 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан «Coca-Cola белестері» жобасы маркетинг, сату, интернет арқылы өнімді жариялау, серіктестер мен инвестицияларды іздеу, шағын бизнес үшін қаржы сияқты әртүрлі білім беру бағыттары бойынша тегін қолдау көрсете отырып, жаңадан бастаған және қазірдің өзінде жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге пайдасын тигізеді. Ол әйелдерді табысты кәсіпкер болуға, бизнесті дамытуға және елдегі әлеуметтік-экономикалық өсуге ықпал етуге шақырады», – дейді А.Аккирман.

Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов өз кезегінде ауылда кәсібін дөңгелетіп отырған әйелдер қауымына ерекше көңіл бөлінетінін сөз етті.

«Жыл сайын ауыл әйелдерінің онлайн платформалар мен әлеуметтік желілер арқылы жаңа білім алуға деген қызығушылығы артып келеді. 2020-2021 жылдары болған пандемия кезінде бұл мәжбүрлі шара болса, қазір әйелдердің өздері отбасылары мен үй шаруаларын қалдырмау үшін онлайн оқуды жөн көреді. Құрылған күннен бастап Farmerschool.kz сайтында 8 мыңнан астам әйел тіркеліп, оқудан өтті. Бұл сайтта бизнестің әр түрлі 23 бағыты бойынша бейне оқулықтар мен пайдалы ресурстар бар», – дейді А.Сүлейменов.

Дәстүр бойынша форумда «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері/ауыл әйелдерінің 100 жетістік тарихы» кітабының жаңа бесінші басылымының тұсаукесері өтті.

Сонымен қатар «Coca-Cola белестері» байқауының ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қатысуымен өнімдер көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.