Жаңалықтар

Напалеонның қалпағы 2 миллион еуроға сатылды

Сурет: BBC

Аукцион үйінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, лот бастапқыда 600-800 мың еуроға бағаланған.

Француз императоры Наполеон I Бонапарттың қалпағы аукционда 1,9 миллион еуродан астам сомаға сатылды. Бұл туралы Osenat аукцион үйі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Француз императоры Наполеон Бонапарт киген әйгілі қара қалпақтардың бірі Францияның Фонтенбло коммунасындағы аукционда 1 932 000 еуроға сатылды. 

Аукцион үйінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, лот бастапқыда 600-800 мың еуроға бағаланған.

Былтыр өмірден өткен Жан Луи Нуазье бұл қалпақты өз коллекциясында жарты ғасырдан астам уақыт бойы сақтаған. 

Аукционға қойылған басқа ерекше заттар қатарында 1815 жылы Ватерлоо шайқасындағы жеңілістен кейін Наполеонның арбасынан ұрланған күміс табақ және ұстара, күміс тіс щеткасы, қайшы және басқа да жеке заттар бар.