Спорт

Едіге Егемберді ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

ашық дереккөз

Ол 81 келі салмақ дәрежесінде серпуде - 145, жұлқуда -191 келіні төбесіне көтерді.

Қазақстандық Едіге Егемберді ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Мексикада өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Едіге Егемберді жеңіс тұғырынан көрінді. Ол 81 келі салмақ дәрежесінде серпуде - 145, жұлқуда -191 келіні төбесіне көтерді.

Бұл қазақстандық спортшының чемпион атануына мүмкіндік ерді.

Екінші және үшінші орынға түркімениялық Гайгысыз Тораев пен грузиялық Георгий Асанидзе ие болды.

Әлем чемпионатында Едіге Егембердіден өзге тағы бір қазақстандық Петр Хребтов (67 келі) оныншы орынды місе тұтты.