Болгарияда қолайсыз ауа райынан 2 адам қаза тапты
Қолайсыз ауа райы бірқатар қала мен ауылдарға үлкен зиян келтірген.
Болгарияда жойқын жел, нөсер жаңбыр мен қар 2 адамның өмірін қиды, деп хабарлады turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.
Қолайсыз ауа райы бірқатар қала мен ауылдарға үлкен зиян келтірген, электр желілеріне зақым келіп, ағаштар опырылып түскен.
Варна қаласында үстіне ағаш құлаған әйел қайтыс болды, ал Софияда ағаш жеңіл көлікке құлап, жүргізуші қаза тапқан.
Варнада төтенше жағдай жарияланды.