Жаңалықтар

Жер жарылып, шұңқырлар пайда болып жатыр: Исландияда жанартау атқылауы мүмкін

сурет: hi-news.ru

Шамамен 800 жыл ұйқыда жатқан жанартау атқылауы мүмкін.

Исландияда, Гриндавикте жер жарылып, шұңқырлар пайда болып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, елді мекеннің дәл астында ұзындығы шамамен 15 км болатын магма каналы пайда болған, ол кез келген уақытта жер бетіне шығуы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz.

Rúv радиосының хабарлауынша, мұнда 400-ден астам жер сілкінісі болған. Содан соң Клейварватн көлінің батысындағы Крисювик қаласында күшті дүмпулер байқалыпты. 

Бұл жағдайда сейсмикалық белсенділік пен топырақтың деформациясы біртіндеп төмендейді. Бұл магманың жер қыртысына көтерілгенін білдіруі мүмкін.

Елдің премьер-министрі Катрин Джейкобсдоттир "жанартаудың атқылауына әлемдегі бірде-бір ел Исландия сияқты дайын емес" деп мәлімдеп, Гриндавик тұрғындары баспанамен қамтамасыз етілетінін айтты. 

Рейкьянес түбегіндегі жанартау 2021 жылдан бастап үш рет атқылаған, оған дейін ол шамамен 800 жыл ұйқыда жатқан.