Жаңалықтар

Өскемендегі көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

ТЖД

Оқиға орнынан 13 адам эвакуацияланды.

Өскемен қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 13 адам эвакуацияланды, деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті. 

Департаменттің мәліметінше, Назарбаев даңғылындағы бесқабатты тұрғын үйде өрт шыққан.

Екінші қабаттағы пәтерде жиһаздар мен жеке заттар отқа оранды. Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан 13 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Құтқарушылардың үйлесімді іс-әрекетінің арқасында тілсіз жау толықтай ауыздықталды. 

Өрттің жалпы ауданы 13 шаршы метрді құраған. Денесін термиялық күйік шалған 1968 жылғы пәтер иесіне апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті. Кейін ол қаладағы медициналық мекемеге жеткізілді.

Айта кетейік, жалынмен күреске жеке құрамнан 12 адам және 4 техника жұмылдырылған. Алдын ала дерек бойынша, өрттің шығу себебі – отпен абайсыз жұмыс істеуден болуы мүмкін.