Бүгін бірқатар өңірде жел күшейіп, көктайғақ болады
«Қазгидромет» РМК қарашаның 20-сы күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстан Республикасының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады, күн жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Тек республиканың батысында, қиыр шығысында, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің таулы аудандарында циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), республиканың оңтүстік-шығысында кей уақытта түнде қатты жауын-шашын болады.
Қазақстан Республикасы бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыс және солтүстік-батыста желдің екпіні 23-28 м/с-ке күшейіп, көктайғақ болады.