Астаналық тұрғынның басына лифттің темір конструкциясы құлап кетті

19 қараша, 2023 / Ақмарал Берекет
vse_novosti_kz/instagram
Астана полициясы сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады

Астаналық тұрғынның басына лифттің темір конструкциясы құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 18 қарашада Астанадағы Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Лифттегі тұрғынға темір құлап кеткен. Куәгерлер жәбірленушінің қан іздерін көрсетті.

Астана полициясы сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Тэгтер:

Астана лифт оқиға