Жаңалықтар

Роза Рымбаева Ақтаудағы концертін тегін өткізді

Маңғыстау облыстық әкімдігі

Танымал әнші мерейтойлық концертін өткізді

Ақтауда Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде қазақстандық эстрада әншісі Роза Рымбаеваның шығармашылығының 50 жылдығына арналған кеш өтті, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Кешке жиналғандардың қарасы қалың. 600 орындық залда ине шаншар орын болмады. Шығармашылық кеште Роза Рымбаева өзінің орындауында "Атамекен", "Мен құпия ғашықпын", "Любовь настала", "Как прежде мы вдвоем", "Кешікпей келем деп ең" атты танымал әндерін көпшілікке паш етті. Сахна төрінде әншінің ұлдары - Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев та өнер көрсетті.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев әншіні шығармашылық мерейтойымен құттықтап, ерекше концерт үшін алғысын білдірді.

"Жарты ғасыр уақыт бойы сіз өз тыңдармандарыңызды шығармашылығыңызбен қуантып келесіз. Сіздің әндеріңіз бірнеше ұрпақтың жүрегінен орын алып, қуаныш пен махаббат, Отан мен шығармашылыққа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбилеп келеді. Сіз көптеген халықаралық байқаулардың Гран-при жүлдегері ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем бойынша миллиондаған тыңдармандарыңыздың жүрегінің иесісіз. Шығармашылығыңызға жаңа белестер мен толағай табыстар тілеймін. Халықтың махаббаты әрқашан өзіңізбен бірге!" - деді Нұрлан Ноғаев.

Концерт Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін ұйымдастырылды.