Қоғам

Алматы облысында автобус өртеніп кетті

Видеодан алынған кадр

Оқиға 17 қараша күні сағат 16:29-да болған

Алматы облысында электр сымдарының қысқа тұйықталуынан жолаушылар автобусы жанып кетті, деп хабарлады turkystan.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, оқиға 17 қараша күні сағат 16:29-да болған.

«Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданы Байсерке ауылында жолаушылар автобусының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру бригадасы жіберілді», - деп атап өтті ведомстводан.

Өрттің алдын-ала себебі - қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

«Өрт жарты сағатта толық сөндірілді. Абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынды ауыздықтауға ТЖД 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды», - деп қосты департаменттен.