«Қазақстан ипотекалық компаниясы» директорлар кеңесінің төрағасы ауысты
27 ақпан, 2017 /
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» директорлар кеңесінің төрағасы ауысты
Қазақстандық қаржы биржасы сайтында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің жаңа басшысы сайланғаны туралы хабарланды.
«Директорлар кеңесі қабылдаған шешім: «Қазақстан ипотекалық компаниясы ИҰ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Арифханов Айдар Әбдіразақұлы сайлансын», - делінген құжатта.
Бұдан бұрын директорлар кеңесі басқармасы төрағасының орынбасарлары Рахымжанов Абылай Теңізбайұлы мен Исамбаев Қанат Әшімұлын сайлау шешімі қабылданғаны хабарланған.