Бүгін елімізде тұман түсіп, жел күшейеді
19 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» қарашаның 19-ы күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты күн құбылмалы болады. Жауын, қар араласы жаңбыр жауып, көктайғақ болады, еліміздің солтүстігінде бұрқасын болады.
Ал республиканың батыс бөлігінде Солтүстік-батыс антициклонның ықпалымен үн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан аса өте қатты жел күтіледі.