Қоғам

Астанада Болат Назарбаевтың қазасына байланысты ас берілді

Асқа Ахметжан Есімов, Өмірзақ Шөкеев, Қырымбек Көшербаев, Қайрат Қожамжаров, Даниал Ахметовтер қатысқан

Астанадағы Бас мешітте экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевтың қазасына байланысты ас берілді, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Астың қайда және қашан өтетіні туралы мәліметті бірқатар БАҚ Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап хабарлаған.

Telegram-арналарда тараған видеолардан аталған асқа Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде жоғары билікте болған, көптен бері ел көзіне түспей жүрген экс-шенеуніктердің келгенін көруге болады. Олардың ішінде Ахметжан Есімов, Өмірзақ Шөкеев, Қырымбек Көшербаев, Қайрат Қожамжаров, Даниал Ахметов сияқты адамдар бар.

Сондай-ақ зиялы қауым өкілдерінің арасынан Мырзатай Жолдасбеков пен Бүркітбай Аяғанның БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бергенін көруге болады.