Қоғам

Ақтөбеде жол апатынан 2 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Видеодан алынған кадр

Ақтөбеде көлік апаты болды

Ақтөбеде жүк көлігі мен автомобиль соқтығысып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 17 қарашада сағат 15.15 шамасында қаладағы «Оңтүстік айналма жол» автожолында болған.

Daewoo Nexia көлігінің 25 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған DAF жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Салдарынан автомобильде отырған жолаушылар: 49 жастағы ер адам және 47 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, – деп жазылған хабарламада.

Көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.