Елімізде тағы бір кәсіби мереке пайда болды
Бұл кәсіби мереке Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметке ерекше мән береді.
2023 жылғы 17 қарашада Кәсіби мерекелердің тізбесі қайта бекітілді. Оған сәйкес 1 ақпан Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні болып белгіленді, деп хабарлады turkystan.kz.
Азаматтық авиация комитеті ,ұл ұсыныс Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация соғысы және еңбек ардагерлерінің Біріккен Кеңесінен келіп түскенін мәлімдеді.
«ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті осы мерекені айқындау бойынша барлық тиісті жұмыстарды атқарды және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бастаманы қолдады», - делінген хабарламада.
Бұл кәсіби мереке Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметке ерекше мән береді және мемлекеттің жас авиаторларының патриоттық рухын дамытуға түрткі болатынын атап өткен жөн.