Жаңалықтар

Күн суытады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

baq.kz

Қазақстанның басым бөлігінде температура күрт төмендейді.

Қазгидромет 18-20 қараша аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Алдағы күндері белсенді Солтүстік циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.

«18 қарашада Солтүстік-батыста, солтүстікте, 19 қарашада еліміздің шығысында қатты жауын-шашын күтіледі (қарға ауысатын жаңбыр), 19-20 қарашада еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр аралас қар жауады», – делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстік - батысында, солтүстігінде көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде температура күрт төмендейді.

«Солтүстік-батыста түнгі уақытта 3-13 аязға дейін, күндіз 7 аяз -5 жылы дейін, солтүстікте, орталықта, шығысында түнде 8-16 аязға дейін, күндіз 2-10 аязға дейін төмендейді деп күтілуде», – делінген хабарламада.

Температураның төмендеуі оңтүстік аймақтарға да әсер етеді. Мұнда түнгі уақытта 3 аязға дейін-7 жылу, күндіз 5-15 жылы, оңтүстік-шығыста түнде 6 аязға дейін-6 жылы, күндіз 5 аязға дейін-13 жылы төмендейді деп күтілуде.