Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға жеткізілді
Күдікті жалпы салмағы 18 келі болатын марихуананың 96 бұтасын өсірген.
Есірткіні ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз өсіргені және сақтағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz.
ҚР ІІМ Интерпол ҰҚО-ның сұрауы бойынша Түркия аумағында 52 жастағы қазақстандық ұсталды.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, оған қатысты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздестіру жариялаған болатын.
«Күдікті жалпы салмағы 18 келі болатын марихуананың 96 бұтасын өсіргені, сондай-ақ оларды Орал қаласының аумағында одан әрі өткізу мақсатында сақтағаны үшін іздестірілді. Түркия билігі құқық бұзушыны Астанаға жеткізу жұмыстарын ұйымдастырды», – делінген хабарламада.
Ол елге жеткізіліп, қамауға алынды.