Астанада Қазақстан-Сан-Марино кездесуі Жекпе-жек сарайында тікелей эфирде көрсетіледі
Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына кіру жанкүйер қауым үшін тегін болмақ.
17 қараша күні Астана уақыты бойынша сағат 21.00-де елордадағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу турнирінің матчы тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы Сан-Марино командасын қабылдайды.
Трансляция «Қазспорт» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі. Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына кіру жанкүйер қауым үшін тегін болмақ.
Айта кетейік, жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін және кептелісті азайту мақсатында сағат 19:30-да арнайы шаттл-автобустар ұйымдастырылады:
- «Астаналық цирк» тұрағы; - «Қазақстан» СК тұрағы; - «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы; - «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана); - «Жастар» сарайының тұрағы.
Ойын аяқталғаннан кейін жанкүйерлер қосымша қалалық және қала маңына қатынайтын маршруттармен қайта алады: №№10, 12, 21, 26, 27, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60, 303. Олар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамада күтеді.