«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-на жаңа басшы келді
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-на жаңа басшы келді
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 16 ақпандағы шешімі негізінде Жетпісбай Арман Шәріпбайұлы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы шешіміне сәйкес Мамыталиев Бауыржан Джаймурзынұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды аталған қордың баспасөз қызметі.
Жетпісбай Арман Шәріпбайұлы 1971 жылы туған. Қазақ химия-технологиялық институтын (инженер-құрылысшы), Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық институтын (экономист) тәмамдады. Халықаралық Мәскеу қаржы-банк мектебінде (Мәскеу қ.), Халықаралық бизнес академиясында (Алматы қ.), Inteconference LTD with participation of molans and anier municipalitiens (Швейцария, Женева қ.), Leadership Foundation fo Higher Education (Ұлыбритания, Лондон қ.), Назарбаев Университетінде (Астана қ.) оқыды.
Мемлекеттік органдар, қаржы институттары, ұлттық және ірі жеке меншік компаниялардың басшы лауазымдарында жұмыс тәжірибесі мол. «Алаутрансгаз» ЖШС жұмыс істеді, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ дирекциясы» ММ директоры, «Қазкоммерцбанкі» АҚ Қызылорда филиалының директоры, «Қырғызстан Қазкоммерцбанкі» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарды.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарушы директоры болып қызмет атқарды.
Жылжымайтын мүлік қорының және Жылжымайтын мүлік қоры жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.