Екі облыста жел электр станциясы іске қосылады
Станциялар электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
Жел энергетикалық станциясының жобаларын іріктеу бойынша өткізілген аукционда 2 компания жеңіске жетті, деп хабарлайды Turkystan.kz.
Сессия өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 22.68-ден 12.33 тг/кВтсағатты құрады.
Қатысушылар сауда сессиясына 15 баға ұсынды. Өтінімдердің жалпы көлемі 450 МВт-ты құрады.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысында «Mars Wind» ЖШС мен «Аргест» ЖШС топ жарып шықты.
«Mars Wind» ЖШС белгілеген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы 12.33 тг/кВт*сағат. Жоба Қостанай облысында жүзеге асырылады.
«Аргест» ЖШС белгілеген қуаты 100 МВт, аукциондық бағасы 13,49 тг/кВт сағат. Жел электрі станциялары Ақтөбе облысына орналастырылады.