Спорт

Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Марино қақпасына 4 гол салады

Басты мақсат - алдағы 2 ойында екінші орындағы Данияны қуып жету.

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы ЕURO-2024 аясында Сан-Марино құрамасымен кездеседі, деп хабарлады Turkystan.kz.

Доп додасы «Астана Арена» стадионында кешкі сағат 20:50-де Qazaqstan, Qazsport арналарының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Жанкүйерлер: «Болжам орындалсын, Қазақстан ұлттық құрамасы жеңіске жетсін!» деп тілеп отыр.

Айта кетейік, 3 күннен кейін Магомед Адиевтің шәкірттері сырт алаңда Словениямен ойнайды.