Қоғам

Атырауда 1000-ға жуық психотропты дәрі сақтаған тұрғын ұсталды

Фото: @POLICE_of_KZ

Сот сараптамасы бойынша алынған заттар кептірілген марихуана екені белгілі болды.

Атырауда 1000-ға жуық психотропты дәрі сақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz. 14 қараша күні Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Көктем ықшам ауданына есірткі заттарын және дәрігердің тағайындауынсыз әсері ауыр дәрілік препараттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 1979 жылы туған қала тұрғынын анықтаған. Мекенжай бойынша тексеру кезінде 996 дана түрлі әсері жоғары психотропты дәрілер, сондай-ақ 29 дана бекіре тұқымдас балықтары мен еш жерде тіркелмеген атыс қаруы және полителен пакетке салынған өткір иісі бар өсімдік тәркіленді. Сот сараптамасы бойынша алынған заттар кептірілген марихуана екені белгілі болды. «ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - делінген полиция хабарламасында.