«JOLTAP» жобасы: Астанада цифрлық дағдылар бойынша екінші лекті оқыту басталды
Қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін ғана қолжетімді.
«JOLTAP» жобасы аясында елорда әкімдігінің қолдауымен «Freelance Mumkindik» бағдарламасының екінші легін оқыту басталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Астана әкімдігі сайтының мәліметінше, қатысушылар 7 бағыт бойынша цифрлық дағдыларды үйренеді.
Екінші лектің 215 қатысушысы 7 цифрлық дағды бойынша оқуға кірісті:
- SMM (оқу мерзімі – 2 апта); - Таргетолог (оқу кезеңі – 1 ай); - Бейнограф (оқу кезеңі – 1,5 ай); - Маркетплейс (оқу мерзімі – 2 апта); - Мобилограф (оқу кезеңі – 1 ай); - Графикалық дизайнер (оқу мерзімі – 1,5 ай); - Веб-дизайнер/сайттарды әзірлеу (оқу мерзімі – 1,5 ай).
Бірінші ағымда 88 адам цифрлық дағдылар бойынша оқуын сәтті аяқтады. Сабақтар аптасына екі сабақ өткізіледі.
«Freelance Mumkindik» қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін ғана қолжетімді.
«JOLTAP» жобасы аясында оқыту тегін. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар беріледі. Түлектердің кандидатуралары «JUMYS TAP» Telegram-ботында тегін ұсынылатын болады.
«JOLTAP» әлеуметтік жобасы мемлекеттік қолдау шаралары, атаулы әлеуметтік көмек, бизнес ашу үшін өтініш беру, оқыту, жұмыс іздеу бойынша тегін кеңес беру мүмкіндігін ұсынады.