Жаңалықтар

Автобустың алдыңғы әйнегін сындырған астаналық тұрғын қамауға алынды

polisia.kz

Елорда полицейлері құқық бұзушыны дереу ұстады.

Автобустың алдыңғы әйнегін сындырған астаналық тұрғын 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға 16 қарашада таңғы сағат 05:50-де болды. Иманов көшесінде ер адам автобустың алдыңғы әйнегін сындырды.  

«Елорда полицейлері құқық бұзушыны дереу ұстады. Ол қаланың 34 жастағы тұрғыны болып шықты», – делінген хабарламада.  

Ер адам «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша 15 тәулік мерзімге қамауға алынды.