Жаңалықтар

«9-20-25» ипотекалық бағдарламасы: толық ақпарат 2024 жылы жарияланады

dom.kz

Жас отбасылардан арнайы бағдарлама жасап беру туралы ұсыныс түсіп жатыр.

«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

«Бұл бағдарлама әлі басталған жоқ. Ешқандай лимиті жоқ. Бағдарлама біздің жоспарымызда тұр», – деді басқарма төрағасы.

Л. Ибрагимованың айтуынша, жас отбасылардан арнайы бағдарлама жасап беру туралы ұсыныс түсіп жатыр.

«Біз кезекке тұра алмаймыз, біздің 4 баламыз жоқ. Біз үшін арнайы бағдарлама жасап берсеңіздер!» дейді жас отбасылар. Біздің жоспарымыз туралы желіде ақпарат тарап кетіпті. Егер бағдарлама іске қосылса, 2024 жылы ресми ақпарат береміз», – деді басқарма төрағасы.