Жаңалықтар

ІІМ Бишімбаевтың ісіне қатысты түсініктеме берді

Информбюро

Қожаевтың айтуынша, істі бір адам емес, топ болып тергелуі мүмкін.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев әйелін өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі қалай жүріп жатқанын айтты.

БАҚ өкілдері Ішкі істер министірінің бірінші орынбасарына «Салтанат Нүкенованың жақындары тергеу барысында үш тергеуші ауысқанын айтты. Не себепті?» деп сұрақ қойды.

Бірінші күні оқиға орнына арнайы тергеу тобы шығады. Ертеңгі күні алдын ала тергеу жөніндегі мәселелер басқа мамандарға тапсырылуы мүмкін. Сол үшін де сондай әңгімелер шығып жүр, - деді ол.

Қожаевтың айтуынша, істі бір адам емес, топ болып тергелуі мүмкін.

Бірнеше адамға іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазіргі таңда сіздерге басқа мәлімет бере алмаймын, - деді Қожаев Сенат кулуарында.