Ұлттық қор - балаларға: Президент заңға қол қойды
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға ақша аудару туралы заңға қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz. Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.