Халқымыздың саны 20 миллионға жетті

16 қараша, 2023 / Абылай Бейбарыс
Turkystan.kz
Президент отандастарымызды құттықтады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызды 20 миллионыншы қазақстандықтың дүниеге келуімен құтттықтады, деп хабарлады Turkystan.kz.

«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы - ұлт игілігінің, елдің тұрақты ілгерілеуінің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайту, ана мен баланы қорғау жөніндегі жұмысты жалғастырады» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев халық саны 20 млн адам