«Қазақфильмнің» бұрынғы президенті күдікке ілінді
Активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мемлекет басшысының заңсыз сатып алынған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бұрынғы президентінің қылмыстық әрекетін әшкереледі.
2017 жылы Алматы облысының Іле өзен жағасындағы «Көшпенді» киножобасы аясында салынған жасанды «Түркістан» бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен сатылған, – делінген Антикор хабарламасында.
Қазір осы активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.