Қоғам

Алматы маңында жер сілкінді

Фото: ernur.kz

Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.9.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 20:17 кезінде Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 327 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz.

«ҚР ТЖМ «Соме» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 15 қарашада Алматы уақытымен сағат 20: 17-де 31 сек. Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 327 шақырым жерде Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың энергетикалық класы - 11.9», - делінген Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.9, тереңдігі – 5 шақырым. Текелі қаласында 2 балдық жер сілкінісі сезілді. Әзірге қирау мен зардап шеккендер туралы хабарлама түскен жоқ.