Спорт

«Ол да Париж Олимпиадасына барады»: Әбиба Әбужақынова сүйіктісінің есімін атады

Фото: olympic.kz

Спортшы бұл туралы «Өмір көркем» бағдарламасында айтты.

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова алғаш рет сүйіктісі туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Massaget.kz-тің жазуынша, спортшы бұл туралы «Өмір көркем» бағдарламасында бөліскен. 

«Жеке өмірім қазір тыныш. Әлеуметтік желіде сұрап жатады, бірақ жауап қайтармаймын. Жеке өмірім құпия болғанын қалаймын. Жасыратын ештеңе жоқ. Менде қазір тек спорт, Олимпиадаға дайындалып жатырмыз. Жарты жылдан аз уақыт қалды. Бүкіл ойымды спортқа арнап жатырмын. Жарысқа барған соң, міндетті түрде алтын әкелу керек. Париждегі Олимпиадаға ең үздіктер барады. Болашақ күйеуім бұйырса барады. Ол да спортшы, дзюдошы, есімі – Руслан Мұсаев. Ол да Париждегі олимпиадаға бірге барады», - дейді ол. 

Еске салайық, дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ханчжоудағы өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленгені хабарланған еді.