«Ауыр көтеруге болмайды»: Сәкен Майғазиев жол апатынан кейінгі жағдайы туралы айтты
Оқиғадан кейін біраз күн өткенде әншінің денсаулығы сыр бере бастаған.
Әнші Сәкен Майғазиев жол апатына түскеннен кейінгі жағдайы туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиғадан кейін біраз күн өткенде әншінің денсаулығы сыр бере бастаған.
«Өткендегі жол апатынан кейін бір ай бойы шыдап жүре берген едім. Кеше шыдамай кеткен соң бір сынықшыға барсам, сүйегі шығып кетіпті. Шыбығы тайып, жүйке тамыры қысылып қалған шығар деп ойлап едім. Олай емес екен», - деп жазды әнші Instagram парақшасына.
Айтуынша, сынған сүйектің орнына су жиналып қалған. Сол себепті әріптесі Мейрамбек Бесбаев ұйымдастырған көкпарда тек жанкүйер болып отыратынын айтты.
«Сынықшы сүйекті орнына салып жатқанда жаным көзіме көрінді. Мұздай тер бұрқ етті. Сүйек орнына келгенше ауыр көтеруге болмайды. Мейрамбектің көкпарында көкпар тартуға болмайтынын айтты. Енді тек жанкүйер боламын. Мен қатыса алмай, көкпаршы жігіттердің айы оңынан туатын болды», - дейді ол.