Қоғам

«24 градусқа дейін жылы болады»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Фото: Алматы әкімдігі

18 қарашада еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қазгидромет 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады  turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері Солтүстік циклонның ықпалына және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады.

18 қарашада еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Бірақ қараша айына жылы ауа райы сақталады. Оңтүстік аймақтарда 16-17 қарашада күн жауын-шашынсыз, бұлтты болады. Күндізгі температура 19-24 градусқа дейін жоғарылауы болжанады, жаңбыр жауады, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі.